RU

Ғалымдар: Цитрус жемістері тері ісігіне шалдықтыруы мүмкін

Ғалымдар цитрус жемістері адамды тері ісігіне шалдықтыруы мүмкін екенін айтты. Олар ерлер мен әйелдер арасында жүргізілген зерттеу нәтижесінен кейін осындай қорытындыға келген деп хабарлайды Naked Science- ке сілтеме жасап bnews.kz.

Ерлер мен әйелдер арасында ұзақ уақыт бойы жүргізілген зерттеулердің деректерін негізге алған ғалымдар цитрус жемістерінің тері ісігінің пайда болуымен әлеуетті байланысы бар деген пайымға келіп отыр.

Алайда нақты бір себеп-салдар байланысы туралы қадап айту әлі де ерте – ғалымдар қандай да бір байланыстың бар екенін дәлелдеу үшін қыруар іс тындыруы қажет.

Ұзақ мерзімдік ізденістер барысында «Медбикелердің денсаулығын зерттеу» бағдарламасы аясында 63 мың әйел және «Мамандардың денсаулығын зерттеу» аясында 41 мың ер адамның арасында сауалнама жүргізілді. Бұған қоса, олар күнделікті тұтынатын тағамы, әсіресе цитрус жемістері туралы айтып берді.

Нәтижесінде ғалымдар цитрустарды аптасына екі-төрт рет тұтынатын адамдарда тері ісігіне шалдығу қаупі 10%-ға жоғары болатынын байқаған.

Ал цитрус жемістерін күніне 1,5 рет жейтін адамдарда бұл көрсеткіш 36%-ға жеткен.

Сонымен қатар зерттеу барысында меланоманың пайда болуына грейпфруттың әсері жоғары екені анықталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/805087-ghalymdar-citrus-zhemisteri-teri-isigi.html