RU

Назарбаев күйеу баласын түрмеге қамаудың оңайға соқпағанын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев ағайын-туыс пен дос-жарандарына заңның «хан мен қарашаға бірдей» екенін тағы естеріне салды.

Мемлекет, алдағы ауқымды жобалар, атқарылған істер мен отбасы жайлы президенттің ағынан жарылған ашық әңгімесі ертең КТК арнасынан көрсетілмек.

Кешкі 9 жарымда «Назарбаевпен маңызды сұхбат» атты фильм көрерменге жол тартады.

Деректі фильмде мұрағаттағы бұған дейін ешкім көрмеген бейнежазбалар көрсетіледі. Бұл үшін арнайы 10-20 жыл бұрынғы ақпараттар мен бейнематериалдар жинақталған.

Нұрсұлтан Назарбаев өзі туралы, ел басына қиын-қыстау күн туғанда қабылданған маңызды шешімдер туралы айтқан. Бұған қоса Еуразиялық одақ пен Астана туралы да кеңінен сөз қозғайды.

Тіпті, елбасы мемлекет қаржысына қол сұққан жемқорлар мен ең жақын адамдарын түрмеге қамаған ауыр күндері туралы да баяндап берген.

"Мен үш немеремнің әкесін түрмеге отырғыздым. Олар анасымен бірге менің алдыма жылап келмеді дейсіздер ме? Келді. Мені уайымдамады дейсіздер ме? Әрине уайымдадым. Алайда, екі жас жігіт өлтірілді. Естеріңде ме, оның банктегі орынбасарлары. Мұны қалай кешіруге болады? Одан қаншама бизнесмендер зардап шекті?! Сондықтан, мен мұның алдында тоқтаған жоқпын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/805240-nazarbaev-kuyeu-balasyn-turmege-qama.html