Выйти
RU

Астананың қақ ортасында төбелескен қыздарға 10 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астанада таксиге таласып, бір-бірінің шаштарын жұлған төрт қызға 10 миллионға жуық айыппұл салынуы немесе түрмеге тоғытылуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Тура жол үстінде шекіскен бұрымдылардың жекпе-жегін тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп интернетке салған.

Сөйтіп, шыңғырған даусымен жұртты шошытқан бойжеткендер әлеуметтік желінің жұлдызы болып шыға келді.

Оқиға таңғы бесте Астанадағы «Шапағат» сауда орталығының қасында болды. Базар маңындағы кафелердің бірінен көңіл көтеріп шыққан бикештердің төртеуі де удай мас.

Таксиге таласқан қыздар еркектерше  төбелесіп, бір-бірінің шашын жұлып, жерге құлағандарын аяусыз тепкілеген. Күші тасыған бойжеткендерді тіпті көшеден өтіп бара жатқан бірнеше жігіт ажырата алмай қор болған.

Ал, оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер төртеуін де бөлімшеге алып кетті. Тентектерге енді 10 миллионға жуық айыппұл салынуы немесе түрмеге тоғытылуы мүмкін.

"Төбелескен қыздар Ақмола, Жамбыл облысы және Астана қаласының тұрғындары. Жастары 23-36 –ның аралығында. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр", - дейді Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астананың қақ ортасында төбелескен қыздарға 10 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін