Выйти
RU

Ақмола облысында ана жаңа туған сәбиін өртеп жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы Шортанды ауданының тұрғыны екіқабат болғанын күйеуінен жасырмақ болып, жаңа туған сәбиін өртеп жіберді. Бұл туралы аудандық прокуратурадан хабарлады.

Прокурорлардың мәліметі бойынша, Бектау ауылының тұрғыны 33 жастағы әйел 27 маусым күні түнде нәрестесін дүниеге әкеліп, кейін көрпеге орап жағып жіберген.

"Қораның ішінде босанған әйел осы күнге дейін күйеуінен аяғы ауыр екенін жасырып келген. Тоғыз ай көтеріп, толғағы қысқан әйел жаңа туған сәбиінен аюандықпен өлтіру арқылы құтылмақ болған. Алайда, қатыгез, безбүйрек әйелдің ойы іске аспай, шала күйген баланың денесі қоқыс жәшігінен табылды", - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында ана жаңа туған сәбиін өртеп жіберді