Выйти
RU

Петропавлда 45 мың теңге пара алған шенеунікке 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавл қалалық соты жер қатынастары бөлімінің басшысына 45 мың теңге пара алғаны үшін 2,5 млн теңгеге жуық айыппұл төлеу үкімін шығарды.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінен хабарлады.

Сот үкімімен Д. Сағыноваға параның жетпіс есе құны 2 млн 450 мың теңге айыппұл түрінде (жеке өзіне тиесілі мүліктерді тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан айыра отырып) жаза кесті.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға бірнеше рет пара алу» бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Петропавлда 45 мың теңге пара алған шенеунікке 2,5 млн теңге айыппұл салынды