Выйти
RU

Қызылордалық дін басылары адамның жаназасындағы даңғазалықты тоқтатуды сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордада жаназаға жайылған ас мәзірін той дастарханынан айыру қиынға соғуда деп халық қарсылық білдіруде деп хабарлайды 31 арна.

Кісісі өліп, қаралы болып жатқан кезде қазы-қарта мен жемістің түр-түрін жайнатып қою ақылға сыйымсыз жағдай дейді олар.

Бұл әсіресе ауқатты және қызметтегі адамдарға тән құбылыс екен. Мұндай бәсекенің алдын алу үшін дін адамдары арнайы үндеу жариялауға да мәжбүр болыпты.

Қызылорда тұрғыны Омарәлі Мұхамадинұлының айтуынша шаш та төк дастархан бүгінде сәнге айналған. Көңіл айтуға барғанда жаназаға емес, тойға келгендей болатынын жасырмайды.

Ол мұндай бәсекелестік мұсылман ағайындар арасына іріткі салып, әлеуметтік теңсіздікке әкеледі дейді.

Қараша халықтың айтуынша мұндай әрекетке әсіресе ауқатты адамдар жиі барады екен. Дастарханды былай қойғанда өмірде күнде көріп жүрген жағдайларға қарны ашатынын айтады.

Ысырапшылықты жоюды биліктегілер өзінен бастаса екен деп тілейді.

"Басқаны айтпағанның өзінде мысалы кейбір жерлерде қарапайым адам ішетін суға зар болып отыр, ал кейбір елді мекенде су жазды күні далаға ағып жатыр. Оған қарайтын аудан әкімдері қайда? Ел басшылары қайда? Халық депутаттары қайда? Біз неге сайладық оларды?", - дейді тұрғын Мұхамадинұлы Омарәлі.

Қызылордадағы дін басыларының айтуынша даңғазалық бір облысқа ғана емес бүкіл елге тән мәселе. Салт-дәстүрден аспай, шариғаттан қашпаудың амалын іздеген олар арнайы үндеу жариялапты.

Құран кәрім мен хадистердерде тыйым салынған амалдарға тосқауыл қоюға шақырғандар жаназа кезінде жыртыс тарату, жүз-жүзге бөлініп шапан үлестіру, мәйітті жууға кіргендерге жаңадан киім сатып алу сияқты әрекеттер жойылса дейді.

"Адам өзінің анасына болсын, әкесіне болсын, бауырларына болсын, тума-туысқанына болсын жасайтын жақсылықты өлмей тұрып, тірі кезінде жасаған абзал болады. Өлгендерімізді, қайтыс болғандарымызды ешқашан ұмытпаймыз. Бірақ бәрі шариғаттың шеңберінде болу керек", - дейді ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Талғат Омаров.

Қабір көтеруге келгенде де күмбездеп, зират тұрғызуға асыққандарды дін адамдары құп көрмей отыр. Оған кеткен шығынды баспанаға мұқтаж, пәтерге қолы жетпей жүрген жоқ-жітімдерге беруге шақырады.

Бұл - өмірден озған жақындарына о дүниеде үлкен сауап болып жазылар еді дейді олар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордалық дін басылары адамның жаназасындағы даңғазалықты тоқтатуды сұрады