Выйти
RU

Елімізде жұмыссыздардың саны миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде екі қолға бір күрек таба алмай сенделгендердің  саны миллионнан асты. Жұмыссыздардың көбеюіне шенеуніктер өздерін емес, жоғарғы оқу орындарын кінәлап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Айтуларынша, жұмыссыздар қатарын университет бітіріп шыққан дипломы бар мамандар толтырады екен. Әрі жұмыс беруші мен оқу орындары арасында студенттерді қызметке орналастыру жайлы келісім жоқ.

Соның кесірінен былтыр диплом алған 111 мыңнан астам түлектің тең жартысы әлі қызметке тұрмаған. Сондықтан Білім министрлігі жұмыссыздықты жою үшін  заң жобасын әзірлеп жатыр.

Оған сәйкес енді жұмыс күші сұранысқа ие мамандықтарға оқу гранттары көбірек бөлінбек. Биыл әсіресе, техникалық салаға басымдылық беріліп тиісті келісім-шарт жасалмақ.

"Тәжірибеден өту мәселесі қаралады сол шарттың ішінде. Жұмысқа тұру мәселелері шешіледі. Шәкіртақы мен тәжірибеден өтерде төленетін ақы болады. Сол қазір қарастырылып жатыр", - дейді Білім және ғылым вице-министрі Есенғали Иманғалиев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде жұмыссыздардың саны миллионнан асты