Выйти
RU

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемнің үшінші ракеткасынан жеңіліп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Уимблдон-2015" турнирінде қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин британдық Энди Маррейден 4:6, 6:7, 4:6 есебімен ұтылып қалды деп хабарлайды sports.kz.

Айта кету керек, Энди Маррей – әлемнің үшінші ракеткасы, Михаил Кукушкин ATP рейтингінде 59-орынды иеленеді.

Бұдан өзге теннистен Ұлыбритания ашық чемпионатының екінші кезеңінде жеке сында Қазақстанның намысын Зарина Дияс пен Юлия Путинцева қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Дияс турнир басында италиялық Флавия Пеннеттаны, ал Путинцева жаңазеландиялық Марина Эраковичті ұтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемнің үшінші ракеткасынан жеңіліп қалды