Выйти
RU

Еревандағы қарсылық шарасы жалғасты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

30 маусым кешінде мыңнан астам адам Ереван орталығындағы маршал Баграмян алаңында наразылық шарасын жалғастырып, тарамай қойған.

Азаттық радиосы Армян қызметінің хабарлауынша, қарсылық шарасына қатысқан адамдардың ішінде біразы аштық жариялаған. Демонстранттар өз ішінде "БАҚ-пен жұмыс тобын" және "қоғамдық тыңдау ұйымын" құрған.

Ереванда электр қуаты тарифтерінің қымбаттауына наразылық танытқан бірнеше мың адамның орталық Баграмян алаңына баррикада тігіп, түнеп жатқанына бүгін бір аптадан асты.

30 маусым күні таңертең Армения полициясы басшысы Владимир Гаспарян алаңға барып, демонстранттармен сөйлесті. Ол полицияның алаңды демонстранттардан тазартуға күші жететінін, бірақ өздерінің "алаңдағы жастарды жуасытқысы келмейтінін" айтты. Гаспарян демонстранттарды бейбітшілік пен төзімділікке шақырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еревандағы қарсылық шарасы жалғасты