Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Ысқақова: Нағыз Шахизаданың шынайы бет-жүзі ашылды

Опубликовано:

Кезінде жақсы дос болған әнші Шахизада мен Жеңіс Ысқақова "Таң" арнасына сұхбат беріп, араларындағы болған жәйттарды жайып салды. Студент кезінен жақын араласқан өнер иелерінің арасынан қандай қара мысық өткені туралы comode.kz сайты жазды.

Бірінші болып арнаға сұхбат берген Шахизада Жеңіспен арадағы достық қатынастың жоғалуын өзінше түсіндірді. Оның айтуынша күйеуге шыққан соң, Шахизада отбасына көп көңіл бөліп, жарының айтқанынан шыға алмапты. Оның үстіне бәзбіреулер сөз тасып, ортаға от салып, екеуінің арасын ажыратқан көрінеді. "Солардың сөзіне сенген Жеңіс ханым бұрынғыдай құрбы болып араласудан ат тонын алып қашты" дейді әнші.

Ал келесі күні әңгіменің бір шетін шығарған Жеңістің сөзінше, Шахизада бетперде киіп өмір сүріп келіпті.

"Барлығы мен ойлағандай болмады. Маған көп адамдар айтып келген кезде, ешкімге сенген жоқпын. Алайда нағыз Шахизаданың шынайы бет-жүзі ашылды", - деп шындықты жайып салды Жеңіс Ысқақова.

Бірақ, кикілжің туып, ұрыс-керіс болмаған. Бастысы аман-саулық сұрап, бір-біріне деген көзқарасы түзу екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/805638-zhenhis-ysqaqova-naghyz-shakhizadanynh-shyn/

pixel