Выйти
RU

Алматыдағы бірнеше халал асханалар тегін ауызашар беріп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы бірнеше халал асханалар отыз күн оразаға орай жұмыс кестесін ауыстырып, тегін ауызашар беріп жатыр.

Олар жұмысын әдеттегідей таңғы 9-дан бастап емес, ауыз ашатын уақытқа икемдеп, кешкі 20:30-дан бастап, түнгі 03:00-ге, ауыз бекітетін уақытқа дейін жұмыс істейді.

Әрине халал асханалар - мұсылман азаматтардың кәсібі. Ал олардың ораза уақытымен байланыстыра жұмыс кестесін ауыстырып, тегін ауызашар берулеріне әр аудандағы мешіттер мұрындық болып отыр екен.

Мешіттерге жеке азаматтар келіп, ауызашар өткізуге ниеттерін білдірген. Ал мешіт қызметкерлері болса, "халал" асханалардың басшыларымен бірігіп, ауызашар беру шешіміне келген.

Мысалы, "Музаммиль" мешітінің жанындағы мына асхана ораза басталғалы осы тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Күнде ауыз бекіткен 220 адамға дастархан жаяды.

Ауызашарға жеміс-жидек, түрлі сусындар, қурылған тауық еті мен самса сынды адамның тәбетін ашар астар даярлайды. Ыстық тамақты күнде әр түрлі етіп, біріншісіне сұйық, екіншіге етті ас пісіреді. Және ауыз бекіткендер де мұны жақсы біледі. Асхана ашылмай жатып, тәртіппен кезекке тұрып қояды.

Асханада тамаққа отыру тәртібі бар. Әйелдер мен ерлер бөлек дастарханның басына жайғасады.

Алматыдағы орталық мешіт қызметкерлерінің сөзінше, осы жылы кедей-кепшікке, аз қамтылған отбасының балаларына көмек қолын созғысы келетіндер қатары көбейіпті.

Өткен күні балалар үйінің бүлдіршіндеріне "Рамазан сыйлығы" акциясы бойынша түрлі ойыншықтар мен өздеріне қажетті  бұйымдар  сыйланған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы бірнеше халал асханалар тегін ауызашар беріп жатыр