RU

Грекия елі дефолтқа ұшырады

Кеше кешке Афина халықаралық валюта қорына 1 млрд 600 млн евро қаражат аударуы тиіс болатын. Алайда, Халықаралық Валюта қорының өкілі Джерри Райс, Грекия елінен ешқандай қаржы түспегенін растады.

Соның салдарынан қазір Грекия дефолт жағдайында деп хабарлайды Астана арнасы.

Афинаның несие берушілермен өткен соңғы келіссөздері де нәтижесіз аяқталды. Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас алдағы демалыс күндері референдум өтетіндігін жариялады.

Оның барысында кредиторлардың талабына мойынсұну немесе бас тарту мәселесі шешіледі. Соған қарамастан сарапшылар елде саяси дағдарыстың болатындығына сенімді. Қалай болғанда да елдің қарапайым тұрғындарына оңай болмай тұр.

"Мен қатты ашулымын. Жасым 50-ге келгенде 60 еуроға күн көруім қажет дейді. Біздің отбасымызда 4 адам бар. Сонда әрқайсымызға 15 еуродан келеді. 18 жасымнан бері жұмыс істедім, еңбек демалысын да алғаным жоқ. Енді келіп аштан өлмес үшін қалай өмір сүру керек екенін үйретеді", - дейді Вана, Лазаркоу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/805673-grekiyada-defolt-zhariyalady.html