Выйти
RU

Павлодарда "Ауди" көлігі 20 жолаушысы бар шағын автобусқа соғылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Ақсу-Павлодар" бағыты бойынша бет алған шағын автобусқа қарсы бетте шыққан "Ауди-80" көлігі соғылды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімшілік полициясының аға инспекторы Бибол Жұмановға сілтеме жасап pavlodarnews.kz.

"Жол-көлік оқиғасы орын алған сәтте шағын автобустың ішінде болған үш адам зардап шеккен. Түрлі жарақат алған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Бұдан басқа, "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді", - дейді Жұманов.

Инспектордың айтуынша, темір тұлпарды тізгіндеген 33 жасар ақсулық азамат жол апатына кінәлі. Аталмыш іске қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда "Ауди" көлігі 20 жолаушысы бар шағын автобусқа соғылды