Выйти
RU

Астанада 400 автобусқа тегiн WI-FI жүйесi орнатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

1 шілде күні Астанада қоғамдық автобустарды тегiн интернетпен жабдықтау бойынша WI-FI Bus Astana жобасының тұсауы кесiлдi. Жоба аясында қаладағы 400 автобусқа тегiн WI-FI жүйесi орнатылды.

Аталған жобаны Астана әкiмдiгi, Beeline ұялы байланыс операторы, "Астана LRT" компаниясы және Астана Innovations инновациялық даму операторы қолға алып отыр. Жалпы WI-FI Bus жобасы Қазақстанда 2013 жылы басталған болатын.

Beeline Қазақстан компаниясының атқарушы директоры Тарас Пархоменконың айтуынша, қазiргi уақытта WI-FI Bus жобасы 9 қалада жүзеге асырылуда.

"Интернеттiң жылдамдығы секундына 1,5-нан 10 мегабиттi құрайды. Бүгiн бiрнеше сағаттың iшiнде автобустардағы интернеттi 300 астам адам пайдаланған және 2,5 гб трафик жүктедi", - дейдi ол.

"Астана LRT" компаниясының басшысы Талғат Арданның атап көрсеткенiндей, бүгiнде 100 автобус интернетпен жабдықталса, түстен кейiн олардың саны 400-ге жетедi.

"Жақын болашақта барлық автобустарда WI-FI модульдер орнатылады. Бюджеттен ешбiр тиын бөлiнген емес", - дедi Т. Ардан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астанада 400 автобусқа тегiн WI-FI жүйесi орнатылды