Выйти
RU

ОҚО-да полиция полковнигі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция полковнигі пара алғаны үшін істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы Ерлан Бекмаханбетов Bnews.kz хабарлады.

«2015 жылғы 25 маусымда Мақтарал аудандық соты Мақтарал ауданының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Мырзалиевті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оны ішкі істер органдарында өмір бойына лауазымдық қызмет атқару құқығынан айырды, жеке мүлкін тәркілеп, оған алған парасының алпыс еселенген сомасы мөлшерінде, нақтырақ айтсақ, 18 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салды. Сонымен қатар, ол Қылмыстық кодекстің 49-бабы негізінде «полиция полковнигі» арнаулы атағынан айрылды», - дейді Ерлан Бекмаханбетов.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде полиция полковнигі А.Мырзалиев жергілікті азаматшадан 300 мың теңге пара алу барысында ұсталған еді.

Айыпталушы аталған қаражатты азаматшаның туысын қылмыстық жауапкершілікке тартпай, оған қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін алған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-да полиция полковнигі пара алып жатқан жерінен ұсталды