Выйти
RU

Алматыда «БМВ» мен «Газель» көлігі соқтығысып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда Ақын Сара көшесі бойында «БМВ» мен «Газель» маркалі көліктері соқтығысып қалды деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы «Куәгер» бағдарламасы.

Аталған жол-көлік оқиғасы кешкі бестер шамасында болған. Мәлім болғандай, "БМВ" көлігі солтүстік бағытқа қарай, "Газель" оған қарама-қарсы келе жатқан.

Сол сәтте екінші көліктің жүргізушісі солға бұрылыс жасаған кезде қарсы беттегі көлікке жол бермей, соқтығыс тудырған. Салдарынан  "Газель" бүйіріне қарай аударылып қалған.

Абырой болғанда, жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол ережесі бұзушылығы кімнің тарапынан жасалғанын анықтауда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда «БМВ» мен «Газель» көлігі соқтығысып қалды