Выйти
RU

Қырғызстан түрмесінен қашып кеткен Қазақстан азаматы өзін жарып жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкекте түрмеден қашып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы полицейлерге ұсталған кезде өзін жарып жіберді.

Қылмыскер оқиға орнында қаза тапқан деп хабарлайды КирТАГ.

"1 шілде күні, шамамен сағат түнгі 3 кезінде іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Альберт Абхин өзін жарып жіберді. Оның денесінің қалдықтары Бішкектің Ленин ауданындағы Кривоносов көшесінен табылды", - делінген агенттікке сұхбат беруші.

Ал түрмеден қашқан тағы бір қазақстандық туралы еш ақпарат жоқ. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматтары - 24 жастағы Альберт Сатыбалдыұлы Абхин мен 27 жастағы Жанболат Әміров Бішкекте бірнеше қылмыс жасағаны үшін 4 жылға сотталған болатын. Алайда, олар түрмеден қашып кеткен.

25 маусым күні күдіктілердің бірі тапаншамен ауаға оқ атса, екіншісі гранатаны жарып жіберемін деп қорқытып, тәртіп сақшыларынан құтылып кеткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстан түрмесінен қашып кеткен Қазақстан азаматы өзін жарып жіберді