Выйти
RU

Қазақстан тұрғындары Токио мен Нью-Йоркке тікелей ұшатын болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақын арада «Эйр Астана» компаниясы Дубай және Гонконгпен тікелей әуе байланысын орнатуды жоспарлап отыр, ал келесі жылы әуе компаниясы Токио қаласына бағыт ашады.

Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуының арқасында Еуропа мен Азия елдерін байланыстыратын көпір іспетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Ұлт жоспарын іске асыру арқылы Қазақстан ірі көлік-логистикалық хабқа айналмақ.

«Эйр Астана» компаниясының кейінгі жұмысының бағдары әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашу болып табылады.

Аталған компанияны дамыту «ҚТЖ» ҰК» АҚ балама бағыттарын дамыту жоспарларымен сәйкестендіріліп, соның арқасында жүк тасымалдау бағасы екі еседен артық төмендейді.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік-логистикалық кешен алаңында басқа да нысандар құрылысы аяқталып қалды. Жақын арада кедендік рәсімдеу орталығы және контейнерлік терминалдар қолданысқа енгізіледі.

Көлік-логистикалық кешен құрылысы жалғасады. 2016 жылы халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізімен ұштасатын автокөлік жолы пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда «ЭйрАстана» елордадан Сеул, Париж және Тбилиси қалалары бағыттарында халықаралық рейстерді жүзеге асыруда.

Еске сала кетейік, 29 наурызда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Боинг-757» әуе кемесі Астанадан Парижге алғаш рет тікелей ұшты.

Жалпы, Астанадан Парижге 71 адам, Парижден Астанаға 54 адам сапар шеккен. Рейс аптасына үш рет (сәрсенбі, жұма, сенбі) қатынайды, ұшу уақыты – 7 сағат.

Бұрын хабарланғандай, жақын арада «Эйр Астана» компаниясы Дубай және Гонконгпен тікелей әуе байланысын орнатпақ.

2016 жылы әуе компаниясы Жапония астанасы Токио қаласына бағыт ашады. Ал 2019 жылы қазақстандықтар Нью-Йорк қаласына тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан тұрғындары Токио мен Нью-Йоркке тікелей ұшатын болады