RU

Елімізде оське 9 тоннадан астам салмақ түсіретін көліктердің қозғалысы шектелді

Қазақстанда ауа температурасы 25 градустан жоғары болғанда дара оське 9 тоннадан астам салмақ түсіретін көлік қозғалысына жазғы шектеу енгізілді.

Бұл туралы Қазақстандағы халықаралық автокөлік тасымалы (ҚазАТО) одағының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде дара оське 9 тоннадан астам салмақ түсіретін автокөлік құралдарының қозғалысына Қазақстан Республикасындағы республикалық маңызға ие жалпы қолданыстағы шайырланған - қиыршық тасты асфальтбетон жамылғысы бар жолдарда жүруге шектеу енгізілген», - делінген хабарда.

Ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде 1 маусым мен 31 тамыз аралығында сағат 10.00 мен 22.00 аралығында келесі облыстарда уақытша шектеу енгізілді: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау.

1 маусым мен 15 тамызы аралығында сағат 11.00 мен 21.00 аралығында ауа температурасы 25 градустан жоғары болғанда Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысында шектеу енгізілді.

Ал халықаралық келісімге сәйкес халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын; төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды жүзеге асыратын; тез бұзылып кететін тауарларды тасымалдайтын, жолаушылар мен олардың жүгін тасымалдайтын, қауіпті жүктерді тасымалдайтын, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелерде жол-құрылыс жұмыстарын жасап жатқан көліктерге бұл шектеу қойылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/806143-elimizde-oske-9-tonnadan-astam-salmaq.html