RU

Оралда ақыл-есі кем ер кісі 9 жастағы баланы зорламақ болды

Оралда 28 маусым күні 25 жастағы ер кісі 9 жастағы баланы зорламақ болды деп күдіктелуде. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер кісі қала ішінде орналасқан "Омега" саяжай қоғамының аймағында 9 жастағы баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған.

Бұл туралы "Уральская неделяға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Полициядағы ресми емес дереккөздің айтуынша, күдікті 28 маусымда құрықталып, оған "Кәмелетке толмағанға сексуалды тұрғыдан зорлық әрекеттерін жасау" айыбы тағылған.

Белгілі болғандай, 25 жастағы күдікті "ақыл-есі кем" науқас ретінде есепке алынған. БҚО Ішкі істер департаментінің полицейлері болған жайтқа түсініктеме беруден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/806149-oralda-aqyl-esi-kem-er-kisi-9-zhastaghy-ba.html