Выйти
RU

Атырауға Астраханнан қалың шегірткелер ұшып келуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Астрахань облысымен шекаралас Атырау облысының Құрманғазы ауданында да биыл шегіртке өте тығыз орналасыпты.

Облыстық аумақтық инспекция мамандары, қаптаған жәндіктермен күрескендерін айтады. Әсіресе осы ауданға биыл ерекше ерекше көңіл бөлінді деп отыр.

Өйткені, онда жаз басталғалы су болмағандықтан, құрғақ жерде жүретін шегіркенің «азиялық» түрі қаптаған. Қазір облыста шегіртке жайлаған аумақтарды өңдеу жұмыстары толықтай аяқталған.

Аумақтық инспекция мамандарының айтуынша, биыл 78 мың 600 гектар жер өңделіпті. Ол үшін мемлекет қазынасынан 82 млн теңге бөлініп, толық игерілген. Жергілікті мамандар Астрахань облысының үш ауданында шегірткеге қарсы төтенше жағдай жарияланғанын айтады.

Қалың шегірткенің Атырауға ұшып келу қаупінің де бар екенін жоққа шығармайды. Айтуларынша, шегірткелер 500 шақырым жерге дейін ұшып бара алады. Алайда шабындық жерлер үшін олардың зияны болмайды деп сендірді.

Құрманғазы ауданындағы жер иелері мен жеке шаруашылық басшыларына шегіртке қонған аумақтар туралы ескертіп отыру тапсырылған.

"Ұшып келіп, жұмыртқа салуы мүмкін. Салынған жұмыртқа қыстап шығады да  келесі жылға жаңағы айтқандай, сигналчиктер болуы керек. Сол жерді біз анықтауымыз керек, кординациясын белгілеуіміз керек. Сол жерді тек келесі жылдың болжамына сала аламыз.  Келесі жылға сол жерді мынаша аумақта өңдеу жұмыстары жүргізіледі деген жоспарға саламыз. Ол ұшып келіп қонған шгірткенде ауыл шаруашылығына келген залал болмайды", - деді Атырау облысы аумақтық инспекциясы Өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Әбилә  Қазиева.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауға Астраханнан қалың шегірткелер ұшып келуі мүмкін