Выйти
RU

Еуропа лигасында қазылық ететін қазақстандық төрешілер анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еуропа лигасы іріктеу турнирінің бірінші кезеңіндегі «Саксан» (Молдова) мен «Аполлон Лимассол» (Кипр) командаларының арасындағы матчқа Қазақстанның төрешілер тобы тағайындалды.

Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері - Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші - қарағандылық Артем Кучин.

Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа лигасы іріктеу турнирінің матчында қызмет атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Изамйлов төрешінің қосымша көмекшісі болды.

Еске сала кетейік, Еуропа лигасы іріктеу турнирінің алғашқы матчтары 2 шілдеде өтеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еуропа лигасында қазылық ететін қазақстандық төрешілер анықталды