Выйти
RU

Аға-лейтенант Қазақстан полициясында трансвеститтерге орын жоқ екенін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аға лейтенант Азамат Сәрсенбаев еліміздегі полицейлердің не себепті жынысын ауыстырғандардың құқық қорғау органдарында қызмет етуіне қарсы екенін айтты.

Бұл туралы ол  esquire.kz басылымына жариялаған өз мақаласында жазған.

Аға-лейтенант жақында Алматыда 10 жылға жуық еңбек өтілі бар полиция қызметкерінің жынысын ауыстырғаннан кейін қызметінен қуылуына қатысты өз ойын жеткізді.

"Біздің мекемеде жынысын өзгерткендерге қатысты мәселе біраз пікірталас тудырды. Мен бұл тақырып төңірегінде талай рет сөзге келдім. Шынымды айтсам, мен де, менің қасымдағы әріптестерім де трансвестит-полицейлермен бірге жұмыс істегісі келмейді. Алматы ІІД қиын мәселеге тап болғанымен, жынысын өзгерткен қызметкерді жұмыстан шығарып, дұрыс шешім қабылдады. Заңды қозғамай тұрып, таза түсіністікке келіп тірелетін кей мәселелерді атап өткім келеді", - деп сөзін бастады аға лейтенант.

"Полиция – нағыз ерлерге арналған жұмыс. Ол жерде көп әйелдер қызмет ететініне қарамастан, бұл футбол, регби, хоккей сияқты нәзік жандыларға арналмаған сала. Орташа жыныстыларға бұл жерде орын жоқ. Ер кісілер киінетін бөлмеде ауа тестостеронға толып тұрғаны - тым мағынасыз дүние. Трансвестит ол жерде не істейді? Не үшін келді? Санасын әбден ғашық жанды ковбойлар туралы фильмдер улаған болуы керек",- деп ойын жалғастырды Сәрсенбаев.

Аға лейтенанттың ойынша, жынысын ауыстырғандарды қуана қабылдайтын жалғыз орын – жарнама агенттігі, сұлулық салоны немесе дизайнерік шеберханалар.

"Жарнама агенттігі, сұлулық салоны немесе дизайнерік шеберханаларға барса, онда әңгіме өзгеше болар еді. Ол жерде кезінде әйел болған еркектер ешкімге ыңғайсыздық тудыра қоймас. Ал полицияда бұл әрине ыңғайсыз болады. Мен өз әріптестерімді жақсы білемін. Олардан бұл жағдайда ешқандай төзімділікті күтпей-ақ қойыңыз. Тіпті АҚШ әскерінде бірнеше жыл бұрын жынысын аусытырған азаматтарға борышын өтеуге тыйым салған болатын", - деп ағынан жарылды аға лейтенант.

Сәрсенбаев полицейлердің қашан да қызметтік кодексті сақтап, моральдық-этикалық тұрғыдан жоғары болуға тырысатынын алға тартты. Оның ойынша, жынысын ауыстырғандарға мұндай жауапты қызметті тапсыру дұрыс емес.

"БАҚ қаншалықты бізді қоғамға сауатсыз азғындар ретінде көрсетуге тырысқанымен, біз қашан да қызметтік кодексті сақтап, моральдық-этикалық тұрғыдан жоғары болуға тырысамыз. Адал қызмет етуге талпынамыз. Ал мұндай талаптарға өзінің жынысын ажырата алмай, ішкі күйзелісте жүрген адам жауап бере ала ма? Менің бұған айтарлықтай күмәнім бар. Жарты өмірін әйелдің денесінде өткізіп, өзін еркек сезінген адам күйзеліске ұшырайтыны анық, аздап психологиялық ауытқуларға тап болуы да ғажап емес. Осы орайда қолына қалайша қару мен тұрғындардың қауіпсіздігін сеніп тапсыра аламыз?", - деп сұрақтарын жаударды Сәрсенбаев.

Мақала соңында автор жынысын ауыстырып, мемлекеттік қызметке тұруға дәмелі болып жүргендерге өз кеңесін айтты.

"Мені дұрыс түсініңіздер, полицияда кілең гомофобтар қызмет етпейді. Мен де ондайлардың қатарынан емеспін. Дегенмен өз ерекшелігіңді көрсету үшін біздің бұрынғы әріптесіміз секілді артық кетудің еш қажеті жоқ. Мемлекеттік қызмет, әсіресе Ішкі істер органдары сіздерге либералды компания емес. Әр нәрсенің өз уақыты мен орны бар", - деп сөзін түйіндеді аға лейтенант.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аға-лейтенант Қазақстан полициясында трансвеститтерге орын жоқ екенін айтты