Выйти
RU

Шығыс Қазақстан облысында су қоймасынан бойжеткеннің денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

30 маусымнан 1 шілдеге қараған түнде Шығыс Қазақстан облыстық су-құтқару қызметінің кезекшісіне демалыс базаларының бірінің жанындағы Бұқтырма су қоймасныда адамның денесі байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Таңға қарай сүңгуірлер жағаға денені алып шықты, деп хабарлайды YK-news.kz. Құтқарушылардың ақпаратынша, қаза тапқан бойжеткен суда бір аптадан астам уақыт болған. Оның тұлғасы, оқиғаның мән-жайлары әлі де анықталу үстінде. Алдын ала мәліметтер бойынша, бойжеткен 25 жаста болған.

Мамандар сондай-ақ кеше Понтон көпірінің ауданындағы Ертіс суынан шамамен бір ай бұрын белгісіз жағдайда суға кеткен 54 жастағы ер адамның мүрдесі табылғанын хабарлады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шығыс Қазақстан облысында су қоймасынан бойжеткеннің денесі табылды