Выйти
RU

Үндістанда лай көшкінінен 30-ға жуық адам қаза болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында лай көшкіні жүріп, салдарынан кемі 30 адам қаза болды.

Дарджилинг пен Сикким қалаларының арасындағы ірі автомагистраль зақымдалып, жол қозғалысы тоқтап тұр. Өңірге құтқарушылардың жетуі де қиындықтар тудыруда.

Апат болған аймақта кешеден бері жаңбыр толассыз жауып жатыр. Қазіргі таңда жергілікті құтқарушылар лай астында қалып кеткен елдімекендерден тірі адамдарды іздестіріп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша қайтыс болғандар саны кемі отыз адамды құрайды және бұл көрсеткіш еселеп өсуі мүмкін.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үндістанда лай көшкінінен 30-ға жуық адам қаза болды