Выйти
RU

Голубев «Челенджер» жұптық бәсекесінің ширек финалына шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Франция өкілі Александр Сидоренкомен бірге Марбургтегі (Германия) сыйлық қоры 42,5 мың еуроны құраған «Челенджер» топтамасының жұптық бәсекесінің ширек финалына шықты.

Бірінші айналым ойынында Голубев/Сидоренко жұбы Максим Отом (Бельгия)/Джером Инсерильо (Франция) дуэтін 6:2, 6:1 есебімен ұтты.

Ширек финалда қазақстандық-француз жұбы жарыстың басталуында франциялық теннисшілер Паул-Хенри Матье мен Аксель Мишонды 6:2, 3:6, 10:4 есебімен жеңген испаниялық спортшылар Иниго Сервантес және Пере Рибамен кездеспек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Голубев «Челенджер» жұптық бәсекесінің ширек финалына шықты