Выйти
RU

Қырғызстан премьері Атамбаевтың құдасын жұмыстан шығарып жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Темір Сариев президенттің құдасы - Есірткі заттарын бақылау бойынша мемлекеттік қызметтің жетекшісі Алымбай Сұлтановты қызметінен босатты.

Бұл жайында «Интерфакс» аталған органдағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Аталған ведомствоға жаңа басшы ретінде Рафик Мамбеталиев тағайындалды делінген дереккөз таратқан хабарламада.

Бұған дейін ол ішкі істер министрлігіне қарасты экстремизммен және терроризммен күрес басқармасын басқарған болатын.

Алымбай Сұлтанов пен президент Алмазбек Атамбаев құдалар. Сұлтанов мемлекет басшысының қызын келін қылып алған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстан премьері Атамбаевтың құдасын жұмыстан шығарып жіберді