Выйти
RU

Қайрат Нұртас сырқаттанып қалса да, семейліктерге бола концертке қатыспақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының ауырып тұрғанына қарамастан, "семейліктерге" бола концертке қатысатынын айтты.

Бұл туралы Comode.kz жазады.

Гүлзира Үсенқызы инстаграм желісіне баласының Түркияға қыдырып келгеннен кейін қатты ауырып, ыстығы 40 градусқа дейін көтеріліп, күні-түні дәрі-дәрмектер ішіп, ем қабылдағанын жазған.

«Онсыз да семейліктер келе ме, жоқ па деп алаңдап отырғандықтан,  ұятымыз жібермей концерт қоюға тура келіп тұр. Көптің тілеулестігі жәрдем болар деген оймен жазып отырмын", - деді әншінің продюсері.

Гүлзира Айдарбекова мен Қайрат Нұртастың семейліктерден сескенетін жөні бар. Себебі, осыдан екі жыл бұрын Қайраттың Семейдегі тыңдармандары шу шығарып, басы дауға қалғанын жұрт жақсы біледі. Сол кезде анасы Гүлзираның айтуынша әнші ауырып мазасы болмағандықтан, концерт болмайды деп хабарланған еді.

Концерттің болмайтынын естіген жұрт дау шығарып, Қайратты қайта тыңдамайтынын айтып ашуға булықты. Өкпесі қара қазандай халық билеттерді кассаға өткізіп, Қайраттың орны «сахна емес» деп наразалық білдірді.

Тыңдармандар билет аз өткесін концерт болмай қалды деген пікірде болатын. Осыдан соң Қайрат Нұртас ауырып тұрса да, концертін өткізуге бел байлаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қайрат Нұртас сырқаттанып қалса да, семейліктерге бола концертке қатыспақ