RU

ОҚО-да оқушы қыздар жүктілігін жасыруды әдетке айналдырған

Оңтүстік Қазақстан облысында педофилия, дәлірегін айтқанда бүлдіршіндерге қатысты зорлау қылмыстарын жасау соңғы бес айдың көлемінде 300 пайызға өскен.

Бұл туралы Ойнет хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің басшылары облыс әкімдігінде өткен жиында осындай мәлімдеме жасады.

Кейінгі жылдары облыста кәмелетке толмаған қыздар арасында жүкті болып қалу фактілері де жиілеген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше бүгінгі күні 12-17 жас аралығындағы 350-ден астам қыз жүкті ретінде есепке алынған.

Аталған басқарма мамандарының айтуынша, абайсызда от басқан қыздар өздерінің жүкті екендіктерін жасырады, ал мұның ақыры босану кезінде қайғылы жайттарға апарып соғуы мүмкін.

Сондықтан мұндай келеңсіздіке қарсы барлық мемлекеттік органдар бірлесіп күресіп, қалыптасқан жағдайға талдау жасап отыру қажеттігі айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/806450-oqo-da-oqushy-qyzdar-zhuktiligin-zhasyru.html