Выйти
RU

Атақты «МС Сайлаубек» -тің туыстары бауырларын мазақ еткендерді сотқа бермек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«МС Сайлаубек»-тің туыстары көпшіліктен оны келеке қылмауды талап етті. Ендігі жерде олар бауырларына арақ беріп, өзіне ғана түсінікті тілде ән айтқызып, ғаламторға салғандарды сотқа бермек деп хабарлайды КТК арнасы.

Айтуларынша, қазір үйден маза кеткен. Себебі, бірге суретке түспекші болып, Сайлаубекті арнайы іздеп келетіндер күн-түнге қарамайды екен. Қызық іздеген жұрттың бұл қылығына Сайлаубектің бауырлары әбден ашынған.

Өзіне емес, өзгеге күлуден алдына жан салмайтын жұрттың қылығы қазір Сайлаубектің бауырларына оңай тимей тұр. Өйткені отбасындағы Сайлаубектен өзге 8 бала қазір Атырау өңіріне белгілі ғалым-оқытушылар.

"9 баламыз. 5 ұл, 4 қыз. Барлығымыз да елге қызмет етіп жатырмыз. Бірақ, бес саусақ бірдей емес дейді. Біздің ортамыздан осындай інішегіміздің келеңсіз жағынан көрінгені өте өкінішті. Айналадағы адамдар пайдаланып, оны жаман жағынан көрсеткені бізге өте батып тұр", - дейді Сайлаубектің апасы Әлия Қабдыхамит.

Қатты батқаны соншалық, енді олар заң орындарынан көмек сұрамақ. Яғни бауырын күлкі үшін түсіріп, көпшілікке тарататындардың алдағы уақытта бастары дауға қалуы мүмкін.

"Сайлаубектің соңынан қалмай түсірулерін қоймайтын болса, біздер, заңды орындарға арыздарымызды береміз. Және шара қолдануға әзірміз, жанұя атынан айтарымыз сол" - дейді Сайлаубектің қарындасы Жанаргүл Қабдыхамит.

Бауырларының айтуынша, Сайлаубек мектепте тіл мен әдебиетке, ән-жырға өте жақын болған. Тіпті, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да иемденген. Мұны Сайлаубектің өзі де растап отыр.

 

Сайлаубектің айтуынша, көпшілікке белгілі боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Тек әлдекімдер мұның ән айтқанын камераға түсіріп алып, ғаламторға салып жіберген. Сайлаубектің өзі істің бұлайша насырға шауып кететінін білмедім дейді.

Сайлаубек өзгелер айтып жүргендей емес, ақыл-есі сау адам. Орта кәсіби білім алған. Үйленбеген. Тек ащы суға әуестігі бар екен. Ауызына арақ тисе өзгеріп сала беретін Сайлаубектің бауырларының көпшіліктен ендігі сұрары – оны жайына қалдыру. Әйтпесе, қызық қуғандар құқық қорғау орындары алдында жауап бермек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атақты «МС Сайлаубек» -тің туыстары бауырларын мазақ еткендерді сотқа бермек