Выйти
RU

Депутаттарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ашкөздігі шошытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Депутаттар тағы Тұрғынүй құрылыс жинақ банкіне шүйлікті. Мәжілісмендерді несие алу үшін салымшылар жинауы тиіс алғашқы жарнаның көлемі шошытып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі банктің пәтер құнының 50 пайызын талап етуі ақылға сыйымсыз екен.

"50 пайызын жинағанша кісі қартайып кетеді. Болмаса өліп қалады. Дүниежүзінде 10 процентін жинайды сосын несие береді. Бізде 50 пайыз. Жартысын жинағасын ғана несие аламыз. Менің ақшамды жинап үшінші кісіге береді. Ол дұрыс емес. Үкімет ақша беріп жатыр. Оны неге ұқыптап бермейді?", - дейді мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.

Мемлекеттік банктің ашкөздігінен халықтың арзан пәтерге қолы жетпей жатыр.Үстемақының көптігін айтпағанда, комиссияны да аспандатқан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқа коммерциялық банктерден еш айырмашылығы жоқ дейді Өмірзақов.

Сондықтан бюджеттен қаржыландырылатын банкті сабасына түсіруді өтініп, премьер-министрдің атына хат жолдады. Мәжілісмендерге арзан пәтерге қатысты жаңа талап та ұнап отырған жоқ.

Ол бойынша, егер жас жұбайлардың бірінің басқа қалада тіркеуде тұрғаны анықталса, дереу тізімнен сызылады екен. Яғни, отау құрғысы кеп жүрген қыз-жігіттерге, болашақ теңінің бір қаладан болуы маңызды. Депутаттар бұл ережені де алдыртып тастауға бекініп отыр.

Ал, мәжіліс депутаты Светлана Романовская бұның басқа облысқа қыз беріп, қыз алмауды заңмен бекіткенмен бірдей екенін, масқара жағдай, тіпті Конституцияға қайшы әрекет екенін жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Депутаттарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ашкөздігі шошытты