Выйти
RU

Назарбаев: Біз биліктің америкалық тәсіліне әлі-ақ келеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Біз әлі биліктің америкалық тәсіліне келетін боламыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасындағы «Назарбаев ең бастысы жайлы...» деректі сұхбатында президенттік өкілеттікті беруге қатысты күтілетін өзгерістерге тоқталды.

Әңгіме барысында журналист Ерлан Бекхожин елдегі реформалар аясында президенттік белгілі бір өкілеттіктерді Үкімет пен Парламентке беру мәселесінің кеңінен талқыланып жатқанына назар аудартты. «Бұнда қандай нақты шаралар қамтылмақ?» деп сұрады ол.

Өз кезегінде мемлекет басшысы бұл реформалардың бірсәттік мәселе емес екенін атап өтті.

«Мен не айтылып жатқанын да білемін. Бізде күшті президенттік билік деушілер көп. Алайда, біздің осындай күшті президенттік вертикаль билігіміз біреуді қысымға ұшыратып, халықты басып жатқан жоқ қой. Керісінше, біздің бағдарламалар жылжуы үшін, реформаларды ілгерілету үшін мемлекеттік аппараттың халыққа қызмет етуіне жұмыс істеп жатыр. Бұл үшін де жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қатты тәртіп қажет», - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, елбасы осы жылдар ішінде бұндай күшті биліктің қажет болғанын айтты.

«Қазақстанда біреу Украинадағы секілді болғанын қалай ма екен? Әйтпесе Грузиядағыдай, Молдавиядағыдай болғанын қалайтындар бар ма? Айтыңызшы? Міне, мәселе осында, ал ол елдердің бәрінде парламенттік билік. Мен бұны ұдайы айтып жүрмін: біз әлі америкалық тәсілге келеміз, оның өз уақыты жетуі керек. Яғни, бұл үшін уақыт керек. Осыны тыңдағысы келмейтіндер тыңдамайды да. Ал қандай уақыт керек? Бұл үшін орта буындағылар шығаратын өнім Қазақстанның өнімінің жартысынан да жоғары болуы қажет. Орта буын мемлекеттегі тұрақтылықты ең мықты қолдайтын топ. Ал әзірше бұл бізде жоқ. Қазір еркіне жіберіп көрейікші?! Біз бұны бұрнағы жылдары көргенбіз, әркім өзіне қарай тартады, ақыр аяғында ештеңе шешілмейді», - деп түсіндірді президент.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев: Біз биліктің америкалық тәсіліне әлі-ақ келеміз