RU

Мамандар ауызашарда аш қарынға қарбыз жемеуге кеңес берді

Түрік тағамтану мамандарының пікірінше, әсіресе сұйықтықты көп қажетсінетін Рамазан айы кезінде қарбызды тоқтық басылғанда ғана жеген дұрыс. Мамандар қарбыз аш қарынға жеген жағдайда семіздікке душар еткізеді деген тоқтамға келген.

Ауызашарда әлденіп алу үшін ыстық тамақ ішкен дұрыс. Ауыз ашқан соң, дереу тоқ қарында желінген қарбыз семіздікке душар ететінін, ағзаға пайдасы азайып қалатынын айтады. Қарбызды тек ауыз ашар уақыты мен сәресі арасында қарынның тоқтығы басылған соң жеу керек.

"Қарбыз асқазан ішек жолдарының қызметін жақсарту, бүйректің жұмысын жандандыруда және салмақ қосуға пайдасы мол. Оразада сұйықтықтың орны ерекше екенін білеміз. Міне, қарбыз шырынға бай жемістердің бірі. Дегенмен, біз күні бойы ауызымыз берік болғандықтан, қарбызды тек кешкі уақытта, ауыз ашқан соң ғана жеуге тура келеді. Көпшілігіміз ораза ұстап жүргенде жеткілікті мөлшерде су ішпейміз. Адам ағзасы суды көп қажет етеді. Судың орнын ешнәрсе толтыра алмасы анық. Тек ағзамыздың сусыз қалмасы үшін сәресінде шырынды жемістер мен сұйық тамақтарды көбірек ішуіміз керек".- дейді Түрік Тағамтану маманы Айша Түркел.

Сондай-ақ, қарбыз С және В витаминдеріне өте бай. Бұл витаминдер өз кезегінде ағзаға күш қуат пен сергектік береді, шаршауды басады.

Әсіресе қарбыздағы антиоксиданның ерекшелігі, адамды рак ауруынан қорғайды. Айта кетерлігі қарбыз дәнін жеудің асқазанға ешбір залалы жоқ. Қарбыз дәнінде cucurbocitrin дейтін элемент қан қысымын түсіруге көместеседі. Ал, likopen элементі болса жүрек инфарктісінен сақтайтынын айтып отыр мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/806788-mamandar-auyzasharda-ash-qaryngha-qarby.html