RU

Әзербайжандағы мұнаймен емдейтін СПА салон туристерді таң қалдыруда

Әзербайжанда мұнаймен емдейтін СПА салондар ашылды.

Мұнда эфир майлары мен теңіз тұзының орнына шикі мұнайға шомылуды ұсынады. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, бұл денсаулыққа өте пайдалы болып табылады.

Мұнайдың шипалы қасиеті VI ғасырдан белгілі екен. ХІІІ ғасырда Әзербайжанға барып келген белгілі саяхатшы Марко Полоға жергілікті емшілердің осы әдісі өте ұнаған дейді.

Ерекше СПА-салонға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, емнің осы әдісі туралы ғаламтордан білген шетелдік туристер де келіп жүр.

"Нафталан мұнайы бүкіл микроб, вирус пен өзге де зиянкестерді құртады. Құрамы таза, ешбір кірі жоқ", - дейді Нафталан емдеу орталығының маманы Хашим Хашимов.

"Өзімді сұйық шоколадқа малынғандай сезіп тұрмын, сауда орталықтарындағы шоколад бассейндері еске түседі. Жылы, еш жерім ауырмайды, иісі де онша сезілмейді", - дейді Себ есімді  Австралия тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/806960-azerbayzhandaghy-munaymen-emdeytin-sp.html