RU

Еліміздегі өнер жұлдыздары ауызашар беріп жарысуда (фото)

Қазақстандық өнер жұлдыздары Рамазан айында ораза тұтқан жандарға ауызашар жасап жатыр.

Бұл туралы танымал тұлғалардың Instagram-дағы парақшаларында хабарланған.

Әлеуметтік желі белсенділерінің бірі, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өз парақшасына ауызашар дастарханын дайындап жатқандағы видеосын жариялады.

Сондай-ақ, ораза тұтқан жандарға ауызашар беруді Қарақат пен Қыдырәлі де ұмытқан жоқ. Кеше жұлдызды жұп кең дастархан жайып, ораза тұтқан таныстарының басын қосты. Олардың арасында Тамара Асар да бар.

Сонымен қатар, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сәкен Майғазиев, Рамазан Стамғазиев бастаған өнер жұлдыздарын ауызашар дастарханына шақырды.

Ал "Асыл арна" телеарнасы еліміздегі танымал журналистер мен блогерлерге дастархан жайған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/807136-elimizdegi-oner-zhuldyzdary-auyzashar.html