RU

Бас мүфти депутаттар мен әртістерге ауызашар берді (видео)

Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде қасиетті Рамазан айында бас мүфтидің атынан лауазымды тұлғаларға ауызашар берілді.

Жайылған дастарханнан үкімет мүшелері мен депутаттар, қоғам және өнер қайраткерлері, танымал азаматтар келіп дәм татты деп хабарлайды 31 арна.

Жиналған жамағат барша мұсылманға ораза қабыл болсын айтып, жер бетінің тыныштығын тіледі, қасиетті Рамазан айын ұлықтады.

Бас мүфтидің айтуынша, биылғы ауызашардың ерекшелігі жиналғандарға дастархан жайылып қана қоймай, домбырамен терме айту, имандылық жайында өлең оқу үрдістері енгізілген. Яғни, ауызашардың қазақы мәдениеті қалыптасып келе жатқанын айтады.

Өйткені, дін мен дәстүрді бөліп қарауға болмайды дейді Ержан қажы Маямеров. Сондықтан ұрпақтарға қазақтың қазынасы дін мен дәстүрді қатар берсек, жастарымыз да адаспайтын еді, жат ағымдардың жетегінде кетпейтін еді дейді бас мүфти.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/807222-ramazan-ayynda-lauazymdy-tulghalargha.html