RU

Назарбаев: Қазақстанға «Ұлы дала елі» сияқты әлемге танытатын бренд жетіспейді

Қазақстанға өзінің халықаралық бренді қажет, деп мәім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз сіздермен бірнәрселер бойынша ерекшеленуіміз қажет. Біз қандай да бір қазақстандық брендпен табысқа жетуіміз қажет, Ойланайық", — деді Назарбаев "Нұрлы жол" және индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында.

Мысал ретінде мемлекет басшысы Франция, Нидерланды, Жапония елдерін келтірді деп хабарлайды bnews.kz.

«Жапония – күншығыс елі, Корея – таңғы шық елі, Нидерланды – қызғалдақтардың отаны, Қытай – аспан асты елі деп жатамыз. Қазақстанға осындай атаулы бренд жетіспейді. Біз – ұлы даланың баласымыз. Ұлы дала, көк аспан... Біздің бабалырымыз тәңір деп, жарық пен көк түсінігін ұмытпаған. Біздің Көк туымыздың астары да осында. Біз – ұлы даланың балаларымыз. Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек», - деді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/807697-nazarbaev-qazaqstangha-uly-dala-eli.html