RU

Павлодарда иттен қашқан елік өліп қалды

Павлодарда қалаға кіріп кетіп, көше кезген елік өліп қалды. Иттен қашқан жабайы жануар балабақшаның қоршауына оңбай соғылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Еліктің иттен үркіп қаша жөнелгенін сол маңның тұрғындары көрген. Шошыған аң бар жылдамдығымен балабақшаның шарбағына кеп соғылыпты.

Сол жерде біраз уақыт тыпырлап жатып, құтқарушылар жеткенше арам қатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/808043-pavlodarda-itten-qashqan-elik-olip-qal.html