RU

Белоруссияда 3 ай жалақы алмаған қытайлық жұмысшылар ереуілге шықты

Белоруссияның Добруш қаласында картон комбинатының құрылысына жалданған қытай жұмысшылары жалақыларының берілмеуі себепті ереуілге шықты, деп хабарлады ВВС орыс қызметі.

«Қазір қытайлық жұмысшылар үш айдан бері жалақыларын алмауына наразылық танытып, Белоруссиядағы Қытай елшісімен кездесуді талап етіп, шерумен Минскіге бет алды», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, 200-ден астам адамнан тұратын колонна келе жатқандығы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде бейсенбі күні түс ауа жарияланыпты. Бірнеше сағаттан соң қытайлық жұмысшылар 25 км жердегі  облыс орталығы Гомельге келіп жетті.

Ол жерде олармен Қытай елшілігінің өкілі келіссөздер жүргізуге әрекеттенуінен еш нәтиже болмапты. Жаяу Минскіге дейін жетпекші колоннаны екі автозакпен милиция жасағы және беларусиялық ЕММЖ (ОМОН) алып келеді.

Добруштағы «Герой труда» қағаз фабрикасының бас инженері Александр Мартынов қытайлық  жұмысшылар жалақы кешігуіне наразылыр ретінде ереуілдеп жатқанын растады. Жұмысшылардың өздері оларға жалақы үш айдан бері берілмеді деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/808303-belorussiyada-3-ay-zhalaqy-almaghan-qytay.html