RU

Дәрігерлер қайнаған суды екінші рет қайнатып ішпеуге кеңес берді

Дәрігер-мамандар бір қайнаған суды екінші рет қайнатып ішкеннің өзі денсаулыққа зиян екенін айтты. Зерттеу нәтижелері су құрамындағы ауыр металдар қайнау барысында буланып кетпейтінін, ал хлор басқа заттармен қосылып, зияндылығын арттыратынын көрсеткен.

Суды залалсыздандырып, қауіпті қасиеттерінен арылудың бірден-бір жолы – оны қайнату. Қайнау барысында судағы бактериялар жоғалып, хлор азайып, су жұмсағырақ болады.

Алайда, көптеген зерттеулер нәтижелері су құрамындағы ауыр металдар қайнау барысында буланып кетпейтінін, ал хлор басқа заттармен қосылып, зияндылығын арттыратынын көрсетті.

Ал, бір суды екі немесе одан да көп рет қайнату нәтижесінде адам ағзасына қауіпті қосылыстардың саны көбейіп, пайдалы қасиеттер мен оттегі азайып кетеді. Басқаша айтқанда, салыстырмалы түрде пайдалы, жұмсақ су "өлі" суға айналатын көрінеді. Сол үшін мамандар суды бір реттен артық қайнатпауға кеңес береді.

Бірнеше рет қайнатылған суды жиі пайдаланатын болсаңыз ең алдымен бүйректің жұмысы нашарлап, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығуыңыз ықтимал. Сондай-ақ, теріде дақтар пайда болып, қант диабеті секілді қатерлі дерттің де пайда болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/808333-darigerler-qaynaghan-sudy-ekinshi-ret-q.html