RU

Ташкентте сары қарбыз сатыла бастады

Ташкентте сары қарбыз сатыла бастады, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігінен (ӨзТАГ).

«Осындай ерекше қарбыздарды супермаркеттерден данасын 13 мың сумнан сатып алуға болады. Сатып алушылардың айтуынша, дәмі жағынан сары қарбыздар кәдімгі қызыл қарбыздардан айырмашылығы жоқ», - деп жазады жұма күні ӨзТАГ.

Сондай-ақ қарбыздардың жаңа түрі Өзбекстанға Тайландтан әкелініп, Қашқадария облысындағы бір шаруа қожалығында өсірілгені айтылады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/808560-tashkentte-sary-qarbyz-satyla-bastady.html