RU

Қарағанды облысында сарбаз командирдің заңсыз бұйрығын орындаймын деп суға батып кетті

Қарағанды облысы Абай ауданы Спасск ауылында 24 жастағы сарбаз басшылардың заңсыз бұйрығын орындаймын деп әскери оқу жаттығуы кезінде көз жұмды. Командирлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Судағы әскери-тактикалық оқу кезінде атыраулық № 41433 әскери бөлімінің сарбазына өзенге сүңгіп, белгісіз тапсырманы орындау бұйрығы берілген. Сарбаздың нақты қандай тапсырманы орындауы тиіс болғаны әскери құпия ретінде айтылмай отыр. Басшылықтың бұйрығын орындау барысында сарбаз су бетіне қайта шыға алмай қалған.

Басшылар сержанттың жоғалып кеткенін бірден байқамаған. Не болғанын түсіне салысымен бірден сүңгуірлерді шақырған. Құтқарушы-сүңгуірлер сарбаздың денесін екі жарым сағат ішінде алып шықты.

"Аталған оқиғаға орай Қылмыстық кодекстің "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" атты 451 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді әскери қылмысты тергеуге қатысты құқық қорғау органдарында.

Күдіктілер ретінде әскери оқу жиынына  басшылық еткен лауазымды тұлғалар танылды. Олардың сарбазға нақты қандай бұйрық бергенін тергеу мекемесі құпия сақтауда. Оқу аясында сарбаздар ұзын қашықтықты жүзіп өтіп, су астында ұзақ тұрулары тиіс болған.

Еске салсақ, маусымның соңында әскери оқулар кезінде Қарағанды облысы Абай ауданы Спасск ауылының Көк-Өзек өзенінде 24 жастағы сарбаз көз жұмған болатын. Қаза болған азамат - Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/808629-qaraghandy-oblysynda-sarbaz-komandir.html