RU

Бейонсе біржынысты некені қолдайтын мини-клип түсірді (видео)

26 маусымда АҚШ барлық штаттарында біржынысты некені заңдастырған болатын. Бір аптадан кейін Бейонсе биліктің бұл шешімін қолдау үшін бүгінде танымал болып үлгерген 7/11 атты әніне қысқаметражды түрлі-түсті клип түсірді.

Бұл туралы look.tm-ге сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Дәстүрлі емес жыныстық қатынастың нышаны  кемпірқосақты Бейонсе өзінің 15 секундтық ролигі барысында бірнеше рет түрлі-түсті киімдерді киіп шығу арқылы көрсеткен. Әнші бұл клипін үй камерасына түсірген екен.

"Еш уақытта кеш емес. Махаббат жеңді," – деп қысқаша пікірін білдірді Instagram-дағы видеосына әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/808830-beyonse-birzhynysty-nekeni-qoldaytyn.html