RU

Архитектор: Астанаға ұлттық ерекшелік жетпейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астанаға ұлттық ерекшелік жетпейді деп мәлімдеді мелекеттік елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков Астана арнасына берген сұхбатында.

Еңбегі сіңген архитектор Астананы көркейту кезінде ұлттық ерекшелік, дәстүр мен мәдениет есепке алынбады деп санайды.

Жандарбек Мәлібеков соңғы кездері қалалық басқарма бұл мәселені шешуге кіріскенімен, айтарлықтай нәтиже шығармағанын алға тартты.

"Соңғы кезде архитектураның қалалық басқармасы ұлттық мәселеге назар аудара бастады. Дегенмен мен қаламыздың келбетінде ұлттық ерекшелік аз байқалады деп есептеймін. Шын мәнісінде қазақ жерінде қала тұрғызу тарихының тамыры терең бойлап жатыр. Сонымен қатар қазақ халқының өз ерекшеліктері бар. Біз - жоғары мәдениет пен дәстүрдің өкілдеріміз. Сол себепті, мен қаланы көркейту кезінде ұлттық ерекшеліктерге ден қойып, оларды Астана архитектурасына енгізуіміз тиіс деп есептеймін", - дейді мелекеттік елтаңба авторы, архитектор Жандарбек Мәлібеков.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Архитектор: Астанаға ұлттық ерекшелік жетпейді
Mailfire view pixel