RU

Сарапшы теңгемен табыс табатындарға несиені доллармен берудің тиімсіз екенін айтты

Қазіргі таңда айырбас бағамын болжау қиынға соғуда. Егер бүгін доллармен есептегенде төлем тиімді болса, ертең бұл жағдай түбегейлі өзгеруі ықтимал.

Бұл туралы "Қазкоммерцбанк" АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов мәлімдеді.

"Теңгемен табыс тауып, доллармен несие алған өте қауіпті. Себебі, қазір айырбас бағамын болжау өте қиынға соғуда және егер төлем доллармен есептегенде тиімді болса, ертең бұл көрсеткіш өте қымбат болып кетуі ықтимал", - деді Мағжан Әуезов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк теңгенің мәртебесін көтеруде бірқатар шараларды қолдануда.

"Банктердің алдында ұлттық валютамен несие беру мәселесі тұрған болатын. Салымшылардың басым бөлігі девальвациядан кейін өз қаржыларын долларға ауыстырған. Сондықтан банктерде теңгемен өтім төмен болды. Содан бері Ұлттық банк теңгені көтеру турасында бірқатар шаралар қабылданды. Ал біз өз кезегімізде доллармен табыс таппайтын тұтынушыларға бұл валютада несие алуды ұсынбаймыз", - деді "Қазкоммерцбанк" АҚ Басқарма төрағасы.

Сарапшының айтуынша, табысы теңгемен келетін клиенттерге несиені доллармен беру банктерге де тиімсіз. Себебі  қайтарымсыз несиелер пайда болады. Ал, алдағы уақытта теңгенің мәселесі шешімін таппақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/809046-sarapshy-tenhgemen-tabys-tabatyndargha.html