RU

Филиппинде кеме апатынан қаза тапқандар саны 40-тан асып кетті

Филиппинде Kim Nirvana паромының апатқа ұшырауынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетіп отыр, тағы 11 азамат із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Кеме бортында барлығы 173 адам болған, деп хабарлайды Вести.

Ормок қаласынан Камотес аралына бет алған кеме кеше жағалауға бірнеше жүздеген метр қалған кезде аударылып, суға кетті. Алдын ала деректерге сүйенсек, паромның апатқа ұшырауына теңіздегі күшті толқын себеп болған көрінеді.

Кеме капитаны айлақтан қозғалып кеткеннен кейін көз ұзамай маневр жасаған. Алайда сол уақытта жағаға соққан қатты толқыннан борт ішін су басып, кеме бір жаққа қарай қисайып кетеді де, кейін аударылған.

Қазір осы жағдай бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Кеме капитаны мен экипаж мүшелері Филиппин теңіз жағалауы күзетіне қарасты нысандардың бірінде қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/809089-filippinde-keme-apatynan-qaza-tapqan.html