Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Астана жұлдызы-2015» музыкалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Опубликовано:

Бейбітшілік және келісім сарайында елорда күніне орайластырылған үшінші «Астана жұлдызы-2015» кәсіби музыкалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті.

Байқауда 12 аталым бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға алтын жұлдыз бейнесіндегі ескерткіштер сыйға тартылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Айқын Төлепберген мен Жанар Доғалова «Астана жұлдызы-2015» кәсіби музыкалық байқауының ең үздік ер орындаушысы және ең үздік әйел орындаушысы аталымдары бойынша лауреат атанды. Сонымен қатар Жанар Доғалова «Iзiн көрем» әні үшін «Жыл әні» аталымы бойынша лауреат атанды.

Сондай-ақ, Арман Дүйсенов үздік композитор, Қалқаман Сарин үздік ән мәтіндерінің авторы, Павел Ли үздік әрлеуші атанды.

«Үздік дуэт» атағын Бүркіт пен Айша алса, «Үздік жеке концерт» аталымы бойынша Мейрамбек Бесбаев жеңіске жетті.

«Қазақстандық музыканың дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы Қайрат Байбосыновқа, ал «Музыкалық мәдениетке қосқан үлесі үшін» атағы марқұм Батырхан Шүкеновке берілді. Сыйлықты әншінің ұлы Мақсұт Шүкенов пен әртістің директоры Олжас Байқанов алды.

Сондай-ақ марапатталғандардың арасында композиторлар Бейбіт Оралұлы мен Ренат Ғайсин де бар, олар қазақстандық өнердің дамуына қосқан үлестері үшін арнайы дипломға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/809630-astana-zhuldyzy-2015-muzykalyq-bayqauy/

pixel