RU

АҚШ Бразилия үкіметіне шпиондық жасады

Wikileaks сайтында американдық ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) Бразиялия үкіметі мүшелеріне шпиондық жасағаны туралы жаңа жарияланым жарық көрді, деп хабарлады Би-би-си.

Әшкерелеу жарияланымдарын үнемі жариялап отыратын веб-парақшада сайт мәліметтері бойынша ҰҚА жоғары шенді 29 бразиялық қаржыгерлерге, банкирлерге және экономистерге шпиондық жасағаны туралы тізім пайда болды.

Бұдан екі жыл бұрын американдық барлау телефонын тыңдайтынын, ал электронды поштасын қарайтынын білген Бразилия президенті Дилма Руссефф Вашингтонға сапарынан бас тартқан болатын.

Өткен аптада АҚШ-қа мемлекеттік сапары барысында Руссефф шпиондық жанжал енді қайталанбайтынына сенімін де білдірген болатын.

Алайда өткен аптада Wikileaks-тің француз президенттері Жак Ширакқа және Николя Саркозиге, қазіргі француз көшбасшысы Франсуа Олландқа шпиондық барлау жасалғаны туралы хабарламасы үлкен халықаралық жанжал туғызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/809668-aqsh-braziliya-ukimetine-shpiondyq-zhasa.html