RU

Ханшайым Диананың көйлегі 200 мың долларға сатылды

Ханшайым Диананың Atelier Versace сәнді көйлегі Julien’s аукционында 200 мың долларға сатылып кетті деп хабарлайды 24.kz.

Бұл көйлекпен ханшайымды 1991 жылы танымал фотограф Патрик Демаршелье суретке түсірген болатын.

Алайда суреттер топтамасы 1997 жылы Дианының қазасынан кейін ғана Harper’s Bazaar журналына жарияланды.

Белгілі болғандай, бұл сәнді көйлекті Versace брендінің негізін қалаушы Джанни Версаче Дианаға арнап тіккен-тін.

Бәссауда ұйымдастырушылары көйлектің бастапқы бағасын 30 мың долларға бағалап, кем дегенде 80 мыңға өткіземіз деп ойлағанымен, көйлек 200 мың долларға сатылып кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/809699-khanshayym-diananynh-koylegi-200-mynh-dollar.html