RU

Назарбаев: Барлық атрибуттары бар қазіргідей мемлекет тарихта болған емес

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарудағы басты жетістігі Тәуелсіз мемлекет құру болғандығын айтты.

«Егер сәл артқа шегініс жасап, қазақтардың және Қазақстанның тарихына көз жүгіртер болсақ, онда бұл жерде түрлі жайттар орын алды. Ежелгі сақтардан, ғұндардан, түркі қағанатынан бастап көптеген халықтар Қазақстанда қоныстанды. Аумақта (Қазақстанда) бірнеше хандық болды. Бірақ шекарасы, әлемнің барлық елдерімен экономикалық және саяси байланыстары және барлық атрибуттары бар қазіргідей мемлекет тарихта болған емес», - деді елбасы «Россия 24» телеарнасының «Формула власти» бағдарламасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар президент ел тәуелсіздігінің бастауында болу - бұл мемлекет басшысының әріптесерімен және халықпен жасай алатын ең басты жетістігі екендігін атап өтті.

«Тәуелсіздікті сақтау, елді нығайту бұл да маңызды. Бұл да мүмкін болды», - деді Назарбаев.

«Алғашқы 5 жылда қалай тіршілік етеміз деп дөңбекшідік. Одан кейінгі 10 жылда 70 пайыздық қарқынмен дамыдық, қор жинадық. Қор жинап алғаннан кейін мұнай мен газға тәуелді болмау үшін біз индустрияландыруды қолға алдық. 5 жылдың ішінде жаңа 770 кәсіпорын салынды, жарты миллион жаңа жұмыс орны құрылды», - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/809783-nazarbaev-barlyq-atributtary-bar-qaz.html